Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Молдова құрамында Қазақстан бар ТМД-дан шығып кету туралы заң шығарды

13:07, 04 сәуір 2026

Молдова парламенті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан (ТМД) шығу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Қабылданған құжат 1991 жылы Минск пен Алматыда жасалған ТМД-ны құру туралы келісімді, оған қатысты хаттамаларды және 1993 жылғы Жарғыны жоюды көздейді.

Парламенттегі 101 депутаттың 60-ы заңды қолдап дауыс берген. Олардың қатарында билік партиялары мен бұрынғы премьер-министр Ион Кику бар. Бұл шешім елдің Еуропалық Одаққа қосылу стратегиясымен байланысты екені атап өтілді.

Ал коммунистер мен социалистер бұл бастаманы қолдамады. Олар аталған шешімді «халыққа сатқындық» деп бағалап, оның ел экономикасына кері әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Заңға сәйкес, Молдованың ТМД құрамынан шығуы бір жылдан кейін толық күшіне енеді. Қазіргі таңда ұйым құрамында Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан бар. Түркіменстан -  қосалқы мүше, ал Украина де-факто қатысушы саналады. 2008 жылы Грузия ұйым құрамынан шыққан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

ХҚКО-лар жабыла ма?

21:02, 03 сәуір 2026