Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мөлдірдің қысымына шыдай алмадым". Тұрсынбек Қабатовтың "екінші әйелі" қысым көріп жатқанын хабарлады

14:47, 12 шілде 2025 671

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі дүйім жұрттан кешірім сұрап, бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Қабатов жарының хабарлауынша, өзі уақытқа дейін үнсіз жүруге келіскен екен. Алайда Мөлдір ханым тарапынан қысым күшейген. Ақыры шыдай алмағанын айтты.

«Мен мынау дүйім халқымнан кешірім сұраймын. Себебі фильм шыққанға дейін үндемей келдім. Арамызда қалады деп келіскенбіз. Бірақ мен жаққа Мөлдір ханымнан қысым болып жатыр. Оны Тұрсынбек те тоқтата алмай отыр. Менің жұмысым тоқтап қалды. Сондықтан амалсыздан үндеуімді жолдап отырмын», — деді ол.

Айтуынша, бастапқыда фильм шыққан соң бәрін жария етуге келіскен екен. Алайда күткен нәтиже болмағандықтан және жұмысын жүргізе алмай қалғандықтан, халыққа мәлімдеуге мәжбүр болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар