Баян Алагөзова алғаш рет әпкесі Бағым Мақсатқызы мен бұрынғы KeshYou әншісі Мөлдір Әуелбекова арасындағы көптен бері айтылып жүрген жанжалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Продюсердің айтуынша, арада бірнеше жыл өтсе де бұл жағдай Бағым Мақсатқызы үшін әлі күнге дейін ауыр естелік болып қалған. Баян Алагөзова нақты есім атамағанымен, сөзінің Мөлдір Әуелбековаға қатысты екенін меңзеген.
Оның сөзінше, Бағым Мақсатқызы әншіні тек әріптес емес, өзіне жақын адам әрі шәкірті ретінде қабылдаған. Сондықтан арадағы жағдайды ол ауыр сатқындық ретінде қабылдағанын айтқан.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік өнер адамдары арасындағы бұрынғы қарым-қатынасқа қатысты түрлі пікір білдіруде.