Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мысықты шетінен сойып, бізге тамақ береді": Шымкентте асыранды балалар әбден азапталған

15:06, 04 маусым 2024 969

Шымкентте 6 баланы асырап алған отбасы балаларға ит пен мысықтың етін жегізіп, зәрін ішкізген. Бұл отбасының 6 баланы асырап алғаны жайлы Балалар құқықтары жөніндегі Уәкіл Динара Зәкиева жазған болатын. Енді әлеуметтік желіде осы ауыр қылмысты жасады деген күдікті емшінің видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz сайты.  

Отбасы асыранды 6 баланы жылдар бойы азаптап келген. Емшілікпен айналысатын отағасы балаларды жуындырмай, аш құрсақ ұстаған. Ит пен мысықтың етін жегізіп, зәрін ішкізген. "Ұлықбек" есімді атпен танымал бұл ер адамның әрекеті жайлы балалардың құқығын қорғайтын топ тексеруге барғанда анықтаған деп жазды Azattyq Rýhy.

Шымкент қаласы бойынша балалардың құқығын қорғау уәкілі Жанетта Жазықбаева айтқандай балалар аш болған.

«Сарайларына кірдік. Газ балллонында 3 мысық байлаулы тұр екен. Бала бұл мысықты шетінен сойып, бізге тамақ береді деді. Мүлдем шомылмаған, денелерін қасыған. Түнде балаларды қасынбасын деп байлап қояды екен», - дейді Жазықбаева.

Асыранды балалардың ең үлкені 16 жаста болса, кішісі 3 жаста. Жауыздықтан жапа шеккен ересек  екеуі бейімделу орталығына орналастырылып, тағы төртеуі балалар үйіне жеткізілді.

Ер адамның өзі «сандырақ синдромы» диагнозымен Талғардың психикалық ауруханасында жатыр. Көкбұлақ ауылында болған бұл жағдайдан ауыл тұтас хабарсыз, бір атадан туған бауырлары да білмеген. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, қазір іс сотқа жолданды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар