Қаржы министрлігінің қызметкері суицид жасауға талпынысынан кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Қазақстан Қаржы министрлігінің департамент басшысы суицид жасауға талпынғаннан кейін ауруханаға жатқызылды.
Оқиға 27 мамыр күні Іле ауданында болған.
Кейбір дереккөздердің мәліметінше, бұл лауазымды тұлғаға қатысты бұған дейін Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қылмыстық іс қозғаған.
Қызметтік тергеу барысы шенеуніктің мұндай қадамға баруына себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
Полиция өкілдері бұл оқиғаның болғанын растады және қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмей отыр.