Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Міндетті оқу пәндері қатарына кірді»: Оқу-ағарту министрі жаңа өзгеріс жайлы айтты

18:00, 27 қазан 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Заң мен тәртіп» қағидаттарын орнықтыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады.

Министрлік мәліметінше, мектептерде «Конституция негіздері», «Заң мен тәртіп», «Жеке қауіпсіздік» міндетті курстары енгізілді. Ал 10–11-сыныптарда бұған дейін таңдау пәні болған «Құқық негіздері» міндетті оқу пәндері қатарына кірді.

Оқушылардың құқықтық нормаларды меңгеруі мен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту мектептерде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жұмыстарымен ұштастырылуда.

2026 жылдың тоғыз айында психологиялық қолдау орталықтары 17 мыңға жуық бала мен 9 мың ата-анаға консультациялық және психологиялық көмек көрсетті.

Педагог-психологтарға арналған 21 мың әдістемелік іс-шара өткізілді. Буллингке қарсы «ДосболLIKE» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама бойынша 14 850 педагог даярланып, 70 оқыту іс-шарасы өткізілді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар