Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Міндеттер жүктелді. Сақадай сай болуы керек”: Нұрлыбек Нәлібаев СҚО-ға жұмыс сапарымен барды

12:19, 17 маусым 2026

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысына барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық, энергетикалық және аграрлық жобалардың барысымен танысты, деп жазады Alash.kz.

“Еліміздің солтүстігіне қыс ерте түсетіндіктен, жылыту маусымына дайындық уақыты басқа өңірлерге қарағанда шектеулі, яғни шілденің 20-сында жауапты кезеңге сақадай сай болуы керек.

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Петропавлдағы жылу электр орталығымен таныстық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік нысандарда болдық.

Биыл станцияны қайта жаңғыртуға 20,7 млрд.теңге бөлінген. Жылу қазандығы, ЖЭО, әлеуметтік нысандардың барлығының құжатын 20 тамызға дейін дайындау тапсырылды.

Петропавлдағы электротехникалық зауытта жылына 13 мың транформатор құрастырылады, өнімі ТМД елдеріне экспортталады. Жалпы инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы аясында 64 өндіріс орны іске қосылып, 10 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Оған 1,1 трлн.теңге инвестиция тартылған.

«Қызылжар» экономикалық аймағындағы ірі кәсіпорындар қатарында теміржол вагонын шығаратын «ЗИКСТО» ЖШС бар. Мұндағы өндірісті, толық цифрландырылған жұмыс қарқынын көрдік.

Петропавлдағы Пёстрое көлінің жағалауындағы «Қызылжар» экопаркінде 8 гектар аумақ абаттандырылып, 540 ағаш егілген. Халыққа керекті веложолақ, ойын және балалар алаңдары салынған. Қауіпсіздік шаралары да назардан тыс қалмаған, полиция мен медициналық пункт, құтқару станциясы бар. Ауа райының салқындығына қарамастан, адам қарасы мол. Экопарк – тұрғындар мен балалы отбасылар үшін қолайлы демалыс орны. Мемлекет басшысы атап өткендей, қалалар таза әрі өмір сүруге қолайлы болуы тиіс. Ендігі міндет – жобаны сапалы аяқтап, осындай бастамаларды жүйелі түрде жалғастыру.

Новоникольск ауылындағы «Зенченко и К» КС-нің заманауи тауарлы сүт фермасы 8 мың басқа арналып, «Карусель» қондырғысымен жабдықталған. Ферма құрылысына 9 млрд.теңге қарастырылған, тамыз айында ашылады. Заманауи кешенде асылтұқымды сиырлар сауылады. Елді мекенде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асқан жобалар өнеркәсіптік және аграрлық әлеуетті нығайтып, жаңа жұмыс орындарын құруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сапар қорытындысында Мемлекет басшысының, Үкімет басшысының тапсырмаларын орындауға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жол ашатын жобалар қарқынын арттыруға қатысты міндеттер жүктелді”,- деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар