Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынының оң жақтарын баяндады, деп хабарлайды Alash.kz.
Министрліктің тапсырмасы бойынша шамамен 1 миллиард текше метр тасқын су Каспий теңізіне жіберілді. Ол үшін төрт арна қолданылады: Бақсай, Нарын, Қара өзен және Соколок.
Жайық өзенінің суын да сағаларға бағыттаймыз. Ал Ойыл өзенінің суы сағалардан басқа жер асты суларының кен орындарына да оларды толықтыру үшін жіберіледі. Бұған дейін Балқаш көліне суды жіберіп, оның деңгейін 15 см-ге арттырып, Батыс Қазақстан облысының Қамысты-Самар көлдеріне, Ұлытаудан Қызылорда облысының көлдеріне дейін су жіберіп, Ақмола облысының көлдерін толтыратынбыз. Біздің басты міндеттеріміздің бірі – көлдерді тасқын сумен толтыру, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.