Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Миллиондаған өмірді сақтап қалдым. Көп іс тындырдым»: Трамп әлем күтпеген талабын айтты

15:56, 08 қазан 2026

Дональд Трамп қайтадан Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық екенін мәлімдеп, сегіз соғысты аяқтағанын, кепілге алынғандарды қайтарғанын және миллиондаған өмірді сақтап қалғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Марапат иегерінің есімі 9 қазанда жарияланады.

«Мен сегіз соғысты аяқтадым, барлық кепілге алынғандарды қайтардым, миллиондаған өмірді сақтап қалдым. Маған бұл сыйлықты бере ме, бермей ме, мен бәрібір әлдеқайда көп іс тындырдым», — деп мәлімдеді Трамп Ақ үйде тілшілерге.

Сонымен қатар АҚШ басшысы жақын арада тоғызыншы қақтығысты да реттейтінін меңзеді. Нақты қайсысы екенін ашып айтпағанымен, сарапшылар бұл орайда Украинадағы соғысты меңзеп отыр деп есептейді.

Сонымен қатар Трамп Венесуэла оппозициясының көшбасшысы, өткен жылғы Нобель иегері Мария Корина Мачадоның сөзін еске салды. Оның айтуынша, Мачадо өзінің Нобель медалін Трампқа жеке табыстап: «Тарихта ешкім бұл марапатқа Президент Трамп сияқты лайық болған емес», — деп мәлімдеген. АҚШ басшысы егер Нобель комитеті бұл жолы да сыйлықты өзіне бермей айналып өтетін болса, бұл олардың «үлкен қателігі» болатынын ескертті.

Бұдан бөлек, ол Иранның ешқашан ядролық қаруға қол жеткізе алмайтынын тағы бір мәрте қайталады. Нобель бейбітшілік сыйлығын тапсыру рәсімі 10 желтоқсанда Ослода өтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар