Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Миллиардер Болат Өтемұратовтың ұлына қатысты тың дерек шықты

09:07, 23 шілде 2026

ForteBank иесінің ұлы Лондондағы цифрлық банк директорлар кеңесіне кірді, деп жазады Alash.kz

Лондондағы Pockit цифрлық банкі қазақстандық кәсіпкер Ануар Өтемұратовты директорлар кеңесінің құрамына қосты. Бұл туралы City AM басылымы корпоративтік құжаттарға сілтеме жасап хабарлады.

Pockit 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Компания негізінен несие тарихы төмен азаматтарға, мигранттар мен фрилансерлерге қаржылық қызмет көрсетеді. Бұл санаттағы клиенттерге дәстүрлі банктер көбіне шот ашудан бас тартады.📌

Ануар Өтемұратов – қазақстандық миллиардер Болат Өтемұратовтың ұлы. Ол 2012 жылдан бастап Қазақстандағы Burger King франшизасын дамытып, желіні 50 мейрамханаға дейін кеңейтті.

2025 жылы кәсіпкер бұл бизнестен толықтай шығып, активтерін Өзбекстанда Pepsi брендін басқаратын Holten Group компаниясына сатқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар