Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Метапневмовирус:Мектептер онлайн оқуға көше ме? - министр жауап берді

15:34, 08 қаңтар 2025 283

Метапневмовирус кесірінен мектее онлайн оқуға көше ме? Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

«Еліміздің білім беру жүйесі түрлі сынақтарға төтеп бере алатынын көрсетті. Бұл 2020 жылғы пандемия кезінде жинақталған тәжірибенің нәтижесі. Осыған орай, колледждер мен мектептер қажетті жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Дегенмен, қазіргі жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күту қажет», – деді министр. «ДДСҰ-ның мәліметінше, бұл вирус бірнеше онжылдықтар бойы таралып келеді. Сондықтан қатты алаңдаудың қажеті жоқ. Әйтсе де аурудың алдын алу шараларын сақтау маңызды. Біз де осы бағытта әрекет етіп отырмыз. Сондықтан вирустың кең таралу кезеңін бірлесе еңсеруіміз қажет», – деді Т.Дүйсенова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар