Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мешітте ұрлық жасаған жас жігіт 4 жылға сотталды

28 мамыр 2024 187

Мешіт мүлкін ұрлаған Алматы тұрғыны сотталды, деп хабарлайды Alash.kz.

2023 жылдың қас айында белгісіз жас жігіт келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, қараусыз қалған жеке мүлік заттарын ұрлап кеткен. Ұрлық бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Сот отырысында азамат «Т» кінәсін мойындады, бірақ миллиондаған шығынды өтемеді.

Сот, ұрлықшыға, қауіпсіздігі орташа мекемеде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Түрксіб ауданының прокуратурасы ұрлық оқиғаларының көбеюіне байланысты азаматтарды өз мүліктерін қараусыз қалдырмай мұқият болуға шақырады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?