Блогер Құлпынай Калменова 1 апта бұрын 5 жыл отасқан күйеуі туралы сұмдық деректер айтқан болатын, деп хабарлайды Alash.kz.
Қолғанат Жұмабаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Алматы қаласы департаменті жауап берді.
«Аталған факті бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Объективті жағдайлар белгіленеді. Құқықтық баға беріледі.
Сонымен қатар, азамат Қ. (посттар авторына) қатысты аталған полиция бөлімшесіне 4 арыз, оның ішінде кәмелетке толмаған екі қыздың заңды өкілдерінен келіп түскенін хабарлаймыз», - делінген Полиция департаментінің жауабында.
Кішкентай қыздардың жақын құрбысы да хат жазып бұл ағайдан қорқатынын жазған.
«Апай, мен бұл қыздардың жан құрбысы болғанмын. Ол топта мен де болдым. Бірақ олар мені топтан шығарып жіберді. Ағай менің төсімді ұстады. Мен ол ағайдан қорқамын. Қорқып мамама да айтқан жоқпын. Не істеймін, апай? Мына ағайды соттатыңызшы. Мен сізге жақтасамын», - делінген хаттың мәтінінде.