Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Менің тарапымнан оған ешқандай кінәм болған жоқ»: Сұлтан Сәрсемәлиев қайын ағасына қатысты жауап берді (ВИДЕО)

11:04, 19 маусым 2026

Атырау облысында болған отбасы трагедиясына қатысты сот ісі жалғасуда, деп жазады Alash.kz.

Сот тергеуі кезінде күдікті күйеу баладан жауап алынды. Құрметті соттың «Қайын ағаңыз Наурыздың алдында өзіңізді кінәлі деп есептемейсіз бе?» деген сұрағына Сұлтан Сәрсемәлиев былай деп жауап қатты:

«Әрекетімді кінәлі деп есептеймін. Бірақ, менің тарапымнан оған ешқандай кінәм болған жоқ. Мен оған не дедім?»

Мәлімдеуінше, марқұмдар Сұлтанның отбасына қысым көрсетіп, балаларын тартып алмақ болған. «Қылмыстың мотиві де осы болды» дейді күдікті. 

«Ақбаянның ауруымен арпалысып жүргенде, қайын жұртымның араласқаны жүйкемді одан сайын тоздырды. Бар ауыртпалықты өзім көтеріп жүргенде, ар-намысыма тиетін сөздер айтылды. Олар да шектен шықты, мен де шектен шықтым» – деді ол сотта.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар