Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады Alash.kz.
Димаш Құдайберген досы әрі әріптесі Расул Усмановпен бірге Instagram желісінде тікелей эфир өткізіп, көптің сауалына жауап берді. Эфир кезінде оқырмандардың бірі өнер иесінен “қызына қандай есім қойғанын” сұрады.
“Не дейсіз? Қызыңа қандай ат қойдың? Айтыңызшы... Менің қызымды білсеңіздер, оның қайдан пайда болғаны маған да қызық”, – деді Димаш Құдайберген.
Өнер иесі жеке өміріне қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер жиілегенін айтты.
“Неге екенін білмеймін, адамдар менің отбасым, балаларым бар деп ойлайды. Тіпті бірнеше әйелім бар дейтіндер де кездеседі”, – деді Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген отбасын құрып жатса, жеке өмірін көпшілікке жарияламайтынын жеткізді.
“Күні бойы студияда жұмыс істеймін, концерттерде өнер көрсетемін. Қазір де студиядамыз. Әзірге үйленген жоқпын”, – деді әнші.