Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Менің атым Қожадағы“ Жанардың рөлін театрда сомдаған актриса қайтыс болды

09:25, 13 қыркүйек 2024 984

ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және Еңбек ардагері медальдерінің иегері Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті, - деп хабарлайды Alash.KZ.

Бұл туралы Ғабит Мүсірепов театрының баспасөз қызметі хабарлады. 

"ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және Еңбек ардагері медальдерінің иегері, театрымыздың артисі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті. 1969 жылдан бастап тынбай еңбек етіп, жемісті жұмыс жасаған артист Б.Соқпақбаев "Менің атым Қожа" - Жанар,  "Қызыл сұңқарлар" - Маруар, Иран-Ғайып "Қорқыттың көрі" - Қамқа шеше, Ш.Айтматов "Ыстықкөл трагедиясы" - Кемпір, "Ақ кеме" - Кемпір, С.Балғабаев "Қыз жиырмаға  толғанда" - Ғани,  Ә.Тарази "Жақсы кісі" - Балзия, О.Бөкей "Атау-Кере" - Марфа, "Ауылдан келген ару" - Сәндігүл, С.Балғабаев "Ең алғашқы Жаңа жыл" - әже, А.П.Чехов "Шағала" - Полина Андреевна және т.б. рөлдерді сәтті сомдаған. Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", - делінген қазанамада. 

Айта кетейік, актрисаның жаназасы 13 қыркүйек сағат 10:00-де Розыбакиев көшесі, 70-ші үй, 26-шы пәтерде өтеді. Қонақасы 13.09.24 сағат 13:00-де Ару-Ана мейрамханасы, Төле би көшесі, 191-де болады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар