Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасы әлі де іздестіріліп жатыр, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Елді алаңдатқан оқиға жайлы арнайы зерттеу жүргізген Руслан Өтепбай Атырауға барып, күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевтің анасынан сұхбат алды. Күдіктінің анасы Сұлтан мен Ақбаян ресми түрде ажырасып кеткенін айтты.
"Сұлтан мен Ақбаян ажырасып кеткен. Ақбаянның анасы айырған. Сұлтан келіп: "Мама, бізді айырып жатыр, мені сотқа беріп жатыр", – деді. Оларға алимент керек боп тұрған ғой... Олар 10 жыл бірге тұрды. 2022 жылы қыркүйектің 22-сі күні ажырасқан. Ажырасуға келін анасы арқылы ұсыныс жасаған. "Алимент керек болды... Ақша керек", – деді Сұлтан. Балам қарсы болды. Сосын мен балама: "Шыда, балалардың тағдыры тұр ғой", – дедім", – деді Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы.