Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мені қатты қылқындырып, өлтіремін деп қорқытты". Желіде қоғам белсендісінің әйелін соққыға жыққан видеосы шықты

10:22, 17 қаңтар 2026

Желіде ер адамның әйелге күш қолданып, оны өлтіремін деп қорқытып жатқан видеосы жарияланды. Кейін оның Қазақстандағы танымал адам екені анықталды, деп жазады Alash.kz.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода ер адамның еденде жатқан әйелді тұншықтырып, «түрмеде отырсам да, сені өлтіремін» деп қоқан-лоққы көрсеткені көрінеді. Кадрда әйел «Арс, жібер» деп жалбарынады, ал арт жақта балалардың айқайлаған дауысы естіледі.

Видео сипаттамасында кадрда бейнеленген адамның Арсен Шакуов екені айтылған. Авторлардың мәліметінше, заңсыз әрекеттер жасалған кезеңде ол Алматы қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы болған. Қазіргі таңда Арсен Шакуов Қазақстан ұлттық сурдолимпиадалық комитеті вице-президенті әрі Жол қауіпсіздігі қауымдастығының президенті қызметтерін атқарады.

Видеодағы жазбада құқық қорғау органдарынан Арсен Шакуовтың зорлық-зомбылық әрекеттері мен өлім қаупін төндіру фактілеріне құқықтық баға беріп, жан-жақты тергеу жүргізуді және қылмыстық заңнама аясында процессуалдық шешім қабылдауды сұрау талабы да көрсетілген.

Осы жайтқа қатысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Өткен жылдың қаңтар айында әйелге қатысты заңсыз әрекеттер бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тарады. Аталған дерек бойынша жедел шаралар қабылданып, Түрксіб аудандық полиция бөлімімен іс тіркелді. Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материал мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Нәтижесінде тараптар өзара келісімге келді», – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар