Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаев қайғылы оқиға болған түні Салтанатты не үшін видеоға түсіргенін түсіндірді.
Сот кезінде судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтан видеоларды не үшін түсіргенін нақтылап сұрады.
"Бұл видеоларды қалай да әсер ету үшін түсірген жоқпын. Шынымды айтсам, неге олай істегенімді түсіндіре алмаймын. Мені қалай қорласа, оны да солай қорлағым келді", - дейді Бишімбаев.
Бүгінгі сот отырысында Бишімбаевтың телефонынан әдепсіз сөздер естілгенін айта кетейік. Сот отырысы барысында судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың ұялы телефонынан суреттер мен видеоларды қарады. Оның сөзінше, видеолардағы уақыт 8-9 қараша күндері деп көрсетілген.