Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мені олай кемсітпеңіздерші: Аула сыпырушы апаға камера алдында сыйлық беріп, артынша күштеп тартып алған (ВИДЕО)

08:20, 12 наурыз 2025 1975

Ташкентте Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу барысында жанжалға толы оқиға орын алды. 8 наурызға арналған мерекелік іс-шара кезінде абаттандыру қызметінің бір қызметкері ұрлық жасады деп айыпталып, оның сыйлықтарын күшпен тартып алған, деп хабарлайды Alash.kz.

Осы жағдайдан кейін әйел видеоүндеу жазып, ол бірден тарап, миллиондаған қаралым жинады.

Бейнеролик қоғамда үлкен наразылық тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысы бар адамдардың әрекеттерін қатаң сынға алды.

Оған қолдау білдіру мақсатында блогерлер мен белсенділер әйелге арнайы барып, бағалы сыйлықтар, қаржылай көмек және азық-түлік табыс етті.

Кейіннен әйел тағы бір видео жариялап, өз оқиғасына бей-жай қарамаған жандарға шынайы алғысын білдірді.

“Мен өз видеомның әлеуметтік желілерде осыншалықты тез таралатынын күтпеген едім. Рақмет сіздерге! Кеше маған өте ауыр болды, бірақ бүгін мені көптеген адамдар қолдап, қуаныш сыйлап, жұбатты”, – деп бөлісті ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар