Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева алдағы мерекелік кешіне дайындық барысын көрсетіп, ерекше кадрларды бөлісті. Бұл туралы Alash.kz хабарлады.
Әншінің айтуына қарағанда, мерекелік концертпен қатар оның өмірі мен шығармашылық жолына арналған деректі фильм де жарық көрмек. Аталған туындыда Роза Рымбаеваның сахнадан тыс өмірі, тұлғалық болмысы мен өнерден тыс қырлары қамтылады.
«Сахнадағы шығармашылық жолымның 50 жылдығына орай өмірім мен өнерім туралы жаңа деректі фильм түсіруді ұйғардық. Бұл жолы біз тек сахна сыртындағы сәттерді ғана емес, мені мүлде басқа қырымнан да көрсетуге тырыстық… Жақында», – деп жазды әнші Instagram парақшасында жарияланған анонста.