Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мен оны жек көретін едім». Қарақат Әбілдина туған әпкесі жайлы шындықты айтты

11:47, 27 қыркүйек 2025 528

"1001 түн" бағдарламасында ақын Қымбат Әбілдәқызы мен әнші Қарақат Әбілдина қонақ болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қарақат Әбілдина әпкесі өмірде де, өнерде де үлгі болғанын жасырмады. Оның талапшыл болғанын айтты:

"Қымбат апайым қатал болды. Бұрын бұл қаталдығын ұнатпайтынмын, оны жек көретін едім, бірақ қазір бәріне алғыс айтамын. Апайымның тәрбиесінің арқасында құндылығым мен ұстанымым қалыптасты. Өнердегі алғашқы қадамымда да продюсер болып, сұхбат беруге, ән айтуға, сахнада өнер көрсетуге жол ашты. Әрдайым демеп, қолдап отырғанын ешқашан ұмытпаймын", - деді Қарақат Әбілдина.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар