Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мен - жеке тұлғамын!". Шерхан Қалмырзаның анасы желідегі ұлына қатысты орынсыз пікірді сынады

09:12, 03 қаңтар 2026

"Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы жуырда эфирге шыққан «Қызық Times» бағдарламасына қонақ болды. Бағдарлама барысында жас футболшы командаластарымен бірге сахнаға шығып, «Жыл оқиғасы» номинациясымен марапатталды, деп жазды  Alash.kz.

Салтанатты сәтті көрермендер қатарында отырған Шерханның анасы да тамашалады. Оның толқыған сәті мен аналық сезімі желі қолданушыларының назарын аударып, жылы пікірлерге ұласты. Алайда кейбір жазбаларға қатысты Шерханның анасы Сәуле Рабаева өз пікірін білдірді.

«Құрметті оқырман қауым! Шерханның анасы ретінде бірнеше сөз айта кетейін. Алдымен баршаңызға бақ-береке тілеймін. Мен медиа саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан, өз орны бар маманмын. Тележоба, кино, концерттердің барлығы – менің кәсіби ортам, әріптестерім. Шақыртулар жеке өзіме келеді. Егер біреуге сондай бақыт бұйырса, алдымен анасы қуансын. Балаңызға бақыт берілсе, сіз де қуанасыз. Өзгенің пікірі мен үшін маңызды емес. Алла бәрін көруші әрі білуші», – деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар