Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мен ең болмағанда секс-символ емеспін»: Перизат Алпыс Тәуекел Мүсілімнің бар шындығын бетіне басты

10:38, 05 наурыз 2025 1047

Танымал актер Тәуекел Мүслім «мен ең болмағанда...» ойынын ойнап, журналист Перизат Алпыстың бар айыбын жайып салды, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Трендтегі видеода әріптесі актердің тікелей эфирге 1 секунд қалғанда кіріп келмейтінін айтты. Ал Тәуекел Мүслім журналистің сценарий оқып, дайындалмайтынын, салдарынан сөзден қателеспейтінін бетіне басты.

«Мен ең болмағанда ұятсыз әзіл айтпаймын», - дейді актер.

Оның бұл сырын ашқанына журналист бұртиып, ренжігенін білдірді.

«Мен ең болмағанда секс-символ емеспін», - дейді Перизат Алпыс.

Осыдан кейін журналист эфирдегі әріптесінің курс сатып жүрмейтінін айтқан соң Тәуекел Мүслім ойынды ары қарай жалғастырудан бас тартты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар