Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мен де барып қапсап, менің ол иттен айырмашылығым не?". 10 тәулікке қамалған Асқар Жұмабек "қазақ халқына арнап" жазба жариялады

08:36, 04 сәуір 2026

Белгілі актер Асқар Жұмабек әлеуметтік желідегі парақшасында даулы оқиғадан кейінгі ішкі күйі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ.

Өнер иесі көпшілік пікірін оқып шыққанын айтып, жағдайға қатысты өз ұстанымын білдірді. Оның сөзінше, болған жайтқа сабырмен қарап, мәселені ушықтырмауға шешім қабылдаған.

«Ойлана келе, бір шешімге келдім. Сіздердің барлық жазғандарыңызды оқыдым, көрдім. Ит мені тістеді екен деп, мен де барып итті тістесем, менің ол иттен айырмашылығым не? Бәрін бір Жаратқанға тапсырдым, осымен бұл жағдайды өзім үшін жаптым. Даттаған жандарға да, мақтаған жандарға да рақмет. Аман жүріңіздер, қазақ халқы», – деп жазды актер.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде актердің қызбен жанжалдасқан видеосы тараған болатын. Осы оқиғадан кейін ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

ХҚКО-лар жабыла ма?

21:02, 03 сәуір 2026