Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мемлекеттік тілге деген құрметі»: Роман Скляр қытайлықтарға қазақша сөйледі (ВИДЕО)

13:17, 25 қыркүйек 2024 522

Роман Скляр биыл 2 шілдеде де Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінде мемлекеттік тілде мүдірмей сөйледі, деп хабарлайды Alash.KZ.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР-дағы электр энергиясын ірі өндірушілердің бірі – қытайлық China Datang Corporation Ltd компаниясы өкілдерімен кездесті, деп жазды Skifnews.kz .

Талқылау барысында Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің энергетика саласын дамыту, оның ішінде инвестиция тарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысын атап өтті. Электр және жылу энергетикасында жаңа қуаттар енгізу қажеттігіне ерекше назар аударды.

Бұл ретте желі қолданушылары оның іскерлік топ алдында таза қазақша сөйлегенін таңданыспен қабылдаған. Ал бұл вице-премьердің Қытай еліне жасап отырған алғашқы сапары емес және ол әр дипломатиялық кездесуде баяндамасын тек қазақша жасайды.

Мысалы, Роман Скляр биыл 2 шілдеде де Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінде мемлекеттік тілде мүдірмей сөйлеген. Әрине, билік басындағы өзге ұлт өкілінің мемлекеттік тілге деген мұндай құрметі – өзге отандастарымызға, әсіресе, ана тілінде сөйлеуді ар санайтын қаракөздерге зор үлгі.

Сіздің реакцияңыз?
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар