Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мемлекеттік сыйлық берсе де жарасар еді": Ақын Ақберен Елгезек ғалым Сартқожаұлының қазасы туралы өз ойын айтты

11:41, 29 шілде 2024 584
27 шілде күні белгілі Түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы 77 жасында Астана қаласында өмірден өтті. Әлеуметтік желіде ғалымның еңбегі туралы, көзі тірісінде еңбегінің бағаланбағаны хақында оқырмандар өздерінің жүрекжарды сөздерін жазды. 
 
Ал ақын Ақберен Елгезек өзінің парақшасында:
Бітік тасты сөйлеткен Қаржаубай ағам дүниеден озыпты. Бұл кісінің жасаған еңбегін ештеңенің қадірін білмейтін бүгінгі қоғам түсінбейді, бірақ келешек білімді, ұлтшыл ұрпақ оған сансыз алғыс айтады әлі. Басқа да марапаттары бар шығар, білмеймін оны. 2018 жылы ғалымға “Құрмет” ордені беріліпті. Осыдан 4 жыл бұрын шығарған «Орхон ескерткішінің толық атласы» үшін мемлекеттік сыйлық берсе де жарасар еді. Мемлекеттің де даңқы артар еді, ғалымның да мерейі үстем болар еді. Қалай болғанда да Қаржаубай Сартқожаұлы нағыз ғалым ретінде де, қазақтың (одан ары асырып айтсақ, өтірік емес), күллі түркі жұрағатының арда оғыланы ретінде де биік парызын орындап кеткен кісі, деп жазды.
Иә, Қаржаубай Сартқожаұлы берісін айтсақ қазақ тарихына, арысы күллі түркі тарихына өшпес үлес қосқан теңдессіз ғалым. Ғалымға биліктің берген бір бет мақтау қағазы немесе сыйлық емес, артында қалатын еңбегінен құнды құжат жоқ екені рас. 
 
Ертең кімнің қандай баянсыз, тарих желімен ұшып кететін жұқа құжатқа қол қойғаны емес, Қаржаубайдың «Орхон ескерткішінің толық атласы» атты 3 томдық ғаламат еңбегі қалады тарихта. Және ол “сен кімсің?” деген кез келген шүйірмұрынға “мен - ұлы түркімін!” деп көрсететін басты ұлттық құжаттарымыздың бірі болады, деп түйеді Елгезек өз ойын.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар