Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мемлекеттік наградаларды сатуға болмайды": Сатылымға шығарылған "Достық" ордені туралы министрлік не дейді?

21:22, 21 қазан 2024 1325
 

Әділет министрі Азамат Есқараев британдық саясаткер Маргарет Тэтчерге тиесілі "Достық" орденінің сатылуы жөнінде пікір білдірді, дер хабарлайды Alash.KZ kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

“Бұл ақпараттан хабардармыз. Әрине, біздің заңнама бойынша мемлекеттік наградаларды сатуға болмайды. Бұл үшін біздің Қылмыстық кодексте жауапкершілік бар. Егер адам мемлекеттік наградаларды саудаласа, тиісті жауапкершілікке тартылады.

Маргарет Тэтчер тарихи тұлға болғандықтан, олардың жеке заттарын, құжаттары мен хаббарын аукционға шығару тәжірибесі бар. Бұл олардың мәдениетінің бір бөлігі” деді министр.

Азамат Есқараев тілшілердің осы оқиға бойынша тексеру жүргізу мен жауапқа тарту шаралары жүргізіле ме деген сауалына “бұл сұрақ Сыртқы істер және Мәдениет министрліктерінің құзыретінде” екенін айтқан.

 

Бұған дейіни экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчерге сыйлаған "Достық" ордені сатуға шығарылғаны хабарланған.

Сату туралы хабарландыру британиялық сирек кездесетін әрі көне бұйымдарды сатуға арналған Peter Harrington дүкенінің сайтында жарияланған.

Орден үшін сұралып отырған баға – 12 500 фунт стерлинг. Бұл шамамаен 7,8 млн теңге.

Хабарландыру сипаттамасында Назарбаев Тэтчердің жанкүйері болғаны, марапатты 2001 жылы табыстағаны айтылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?