Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға маңызды үндеу жасады

17:45, 25 мамыр 2026

Мемлекеттік күзет қызметі елорда тұрғындарына 25-29 мамыр аралығында қала аспанында әскери техника ұшатынын, ал кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелетінін ескертті, деп жазады Alash.kz.

"Ресей Федерациясы президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске дайындық және оларды өткізу аясында, 2026 жылғы 25-29 мамыр аралығында Астана көшелерінің жекелеген бөліктерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі", - делінген хабарламада.

Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген.

Сонымен қатар сол күндері Астана аспанында ҚМ майдан авиациясының ұшуы жоспарланған.

Қызмет өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарынан осы маңызды халықаралық іс-шара кезінде қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар