В Боливияда клоундар мектептерде өнер көрсетуге қойылған шектеулерге қарсы жаппай наразылыққа шықты. Акция ел астанасы - Ла-Пас қаласында өтті, деп жазды Alash.KZ.
Іс-шараға ондаған әртіс, балалар мерекесін ұйымдастыратын фотографтар мен тігіншілер қатысты. Олар жаңа ережелерге сәйкес оқу күндері мерекелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынғанын, енді тек демалыс күндері ғана рұқсат берілетінін алға тартты.
Наразылардың айтуынша, мектептерде өнер көрсету - клоундар үшін негізгі табыс көздерінің бірі. Себебі елде балаларға арналған мектепішілік мерекелерге әртістерді шақыру кеңінен таралған.
Қатысушылар бұл шешім «балалармен жұмыс істейтін барлық мамандардың табысына кері әсер етеді» деп есептейді. Сондай-ақ олар білім министрлігінің бұл шешіміне күмән келтіріп, шенеуніктердің мұндай шектеу енгізуде әлеуметтік салдарды ескермегенін атап өтті.