Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мемлекет көмектеседі деп тудыңыз ба? Баланы баға аламың ба деп ойлан»: Баян Алагөзова көпбалалы аналарды сынға алды

19:24, 03 қазан 2024 2195

Umai әйелдер форумында спикер болған Баян Алагөзова мемлекеттен қолдау күтетін көпбалалы аналарды сынға алып, балаға жағдай жасау тек ата-ананың жауапкершілігінде екенін жеткізді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Мемлекет бізге көмектеспейді дейтін әйелдерді түсінбеймін. Бала туарда мемлекет көмектеседі деп тудыңыз ба? Мемлекет міндетті емес. Бала туарда осы баланы баға аламын ба деп ойланған жөн. Мысалы, өзім үлкен қызымды туған соң, 2 айдан соң жұмысқа шығып кеттім. Ал кіші қызымды босанған соң, 20 күннен кейін жұмысқа шықтым. Себебі қазір жұмысқа шықпасам, елеусіз қалып, ұмытылатынымды білдім. Телеарнаға ешкім шақырмас еді. Қыздарымның мектептегі жиналысына, басқа да жерлерге баратын уақытым болмады. Есесіне олардың сапалы білім алуына барлық жағдайды жасадым. Мен ең бірінші өзімді ойладым. Бала үшін барымды беруге тиіспін, бала үшін өзімді құрбан етуім керек дейтін аяныш тудыратын сезімдердің керегі жоқ. Баламен таңнан кешке дейін бірге отырсам, жақсы шеше болғаным деп ойлайтындар бар. Алайда баланың қасында отырып, оған не үйреттің?!  Мәселе осында», — деді Баян Мақсатқызы. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар