Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мектептің терезесінен клиенттер көрінеді: Атышулы моншада 20 жезөкше қызмет еткен

10:21, 18 наурыз 2025 1178

Шымкентте бірнеше жыл қызмет еткен атышулы “Арман” моншасы жабылды, деп хабарлайды Alash.kz Dalanews.kz. сайтына сілтеп.

 “Ең таңғаларлығы, жезөкшелікпен байланысты бұл нысан қаладағы №8 гимназияның дәл жанында орналасқан. Мектептің терезесінен клиенттер демалатын бөлмелер анық көрінетін”, — дейді дереккөз.

Шымкент қаласының полиция департаменті тергеу амалдарының аяқталғанын хабарлаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, іс қазір ауданаралық сотқа жолданған. Қалалық прокуратура да бұл ақпаратты растады.

“Полицейлер қаладағы екі бірдей нысанды тексерді: бірі – орталықтағы Тәуке хан даңғылында, екіншісі – Сайрам көшесінде орналасқан. Оперативтік шаралар барысында 20 шақты қыз ұсталды. Олар шақырту бойынша қызмет көрсеткен. Ал үш әкімшіге жеңгетайлық жасағаны үшін айып тағылып, олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін ”, — дейді дереккөз.

Бірақ бұл істің басты тұлғасы саналатын монша иесі тергеуге ілікпеген.

Бүкіл қала білетін нәрсені кәсіпкердің өзі білмеді дегенге кім сенеді?

Қалалық прокуратура бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, айыпталғандардың кінәні толық өз мойындарына алғанын мәлімдеді.

“Олар ғимараттарды жалға алғандарын, ал меншік иесінің бұл орындардың қандай мақсатта пайдаланылғанынан хабарсыз екенін айтты”, – деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.

Алайда бұл уәжге көпшілік күмәнмен қарайды. Тіпті, 2GIS қосымшасындағы пікірлерде монша клиенттері "Арман" белгілі бір "Дядя Мишаға" тиесілі екенін ашық жазған.

Монша иесі бұрын да қылмыстық істерге іліккен

"Белгілі болғандай, бұл – 58 жастағы Мықтыбек Бекеев, "Арман" корпорациясының тұрақты басшысы. Ол бұған дейін де қылмыстық жаңалықтарға іліккен адам”, — дейді дереккөз.

Мәліметтерінше, 2009 жылы екі полицей "Арман" моншасындағы төбелеске байланысты оқиға орнына келіп, өздері соққыға жығылған. Сол кездегі басшылық бұл іске көз жұма қарап, тергеу амалдары жүргізілмеген. Тек 9 жылдан кейін жәбірленуші полицейлер сотқа шағым түсіріп, шабуыл жасаған негізгі адам ретінде Бекеевтің есімін атаған.

Бұл – оның жалғыз бизнесі емес

"Арман" – "Дядя Мишаның" меншігіндегі жалғыз орын емес, бірақ ең әйгілісі екені анық. Оның бұл кәсіпке келуі қайта құру жылдары басталған. Ол кезде Коммунистік даңғылдың бойында элиталық жезөкшелер мен валюта айырбастаушылар жиналатын. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Тәуке хан даңғылының бойында айырбастау бекеттері көбейген. Ал "дядя Миша" осы маңдағы қыздарды өз кәсібіне тартқан.

“Кейін ол үш қабатты үйдің барлық пәтерін сатып алып, ауласында төрт қабатты элиталық монша тұрғызды. Ал жоғары лауазымды клиенттердің арқасында бұл бизнес 30 жыл бойы заңсыздықтарға қарамастан өмір сүрді. Тіпті, Шымкенттің ең көне мектептерінің бірі – №8 гимназияға жаңа ғимарат салу қажеттілігі туындағанда да, монша ешкімнің назарын аудармаған”, — деп қосты дереккөз.

"Жылдар бойы заңсыз жұмыс істеген моншаның жабылуы – кеш болса да әділеттің салтанат құруы", – дейді қала тұрғындары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар