Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мектептердегі әдебиет пәнінің мұғалімдері өте салақ жұмыс істейді" - Мереке Құлкенов

11:00, 25 маусым 2025 247

"100 кітап" ұлттық сауалнамасы – жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын ояту жолындағы ұмтылыс. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы Мереке Құлкенов қазір мектептерде әдебиет пәні тиісті деңгейде оқытылмай отыр деп есептейді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

BAQ.KZ порталы Мереке Құлкеновтің берген сұхбатын жариялады.

"100 кітап" – дер кезінде қолға алынған бағдарлама. Қазір барлығы осы жобаны қолдап жатыр. Мұның барлығы кейінгі ұрпақтың көркем шығармаға деген ықыласын, махаббатын ояту мақсатында жасалып жатқаны түсінікті. Балаларды оқуға тәрбиелеудің әдісі деп есептеймін. Егер ештеңе оқымай жүрген баланың қолына жақсы кітап түссе және ол оның ішіне ене алса, онда ол одан айырылмайды. Тіпті салыстыру үшін басқа да кітаптарды оқиды. Қазір біз балаларға кітаптың дәмін алдыра алмай отырмыз. Әсіресе бұл жұмыс мектептерде ақсап жатыр. Әдебиет пәнінің мұғалімдері өте салақ жұмыс істейді, - дейді Мереке Құлкенов.

Сөзінше, әдебиет пәнінің мұғалімдері ізденіп жұмыс істемейді. Құлкеновтің айтуына қарағанда, мұғалім тек мектептегі бағдарлама бойынша ғана жұмыс істемеуі керек.

Әлемде не болып жатыр? Қандай шығармалар келіп жатыр? Осының бәріне балаларды қызықтырып, жүрегіне құя білуі қажет, - деп пайымдады ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар