Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мектептерде орыс әдебиеті пәні алына ма? - Төраға жауап берді

18:35, 08 қазан 2024 652

Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев мектептерде орыс әдебиетінің оқытылуы туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы Ulysmedia.kz журналисі төрағаға арнайы сұрақ қойды.
 
Мәжілісте бүгін мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту» мәселесі бойынша тақырыптық отырыс өтіп жатыр. Баяндамашы ретінде Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева келуі керек болған. Алайда ол келмеді. Оның орнына министрліктің өкілдерін Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев бастап келді. 

Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына жауап берген Қаныбек Жұмашев Қазақстанның Орталық Азиядан ерекшелігі – қаншама өзбек, ұйғыр мектебі, тәжік мектептері барын айтады. 

– Әрбір пәннің қажеттілігін қараған кезде біз барлық жағдайды қарауымыз керек. Қазір мысалы, Орта Азия елдерінің ішінде ғана мәселен, геометрияны оқытады екен. Пән ретінде! Ал басқа мемлекеттерде геометрия математиканың ішінде бір бөлімі. Осыны үрдісті де айтқанбыз, бірақ математиктердің қолдауын таппай отырмыз, – дейді ол.

Қаныбек Жұмашев әлем әдебиеті, қазақ тарихы пәндері жөніндегі ұсыныстар жан-жақты пысықталып, сарапшылардың пікірі тыңдалатынын айтады.

– Мемлекеттік орган келуі керек те, мына пәнді оқытамыз, мынаны оқытпаймыз деген шешімге келе салуы керек дегендей айтып отырсыз. Бүгінгі таңда ондай шешімді қабылдау дұрыс емес. Қоғамның пікірін, педагогтардың пікірін, ата-аналардың пікірін ескеру керек. Бәрін шенеуніктер шешуі керек деп бұрынғы үрдіс қалды. Әртүрлі ұсыныстар бар (орыс әдебиетінің орнына әлем әдебиеті енгізу туралы – авт.) Талқыланады, алдағы уақытта қаралады. Бірақ ондай шешім қазір жоқ, – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар