Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мектепте смартфон қолдануға шектеу қоюдың дұрыс екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр" - Асхат Аймағамбетов

16:09, 06 қыркүйек 2025 157

Депутат Асхат Аймағамбетов қоғам назарын аударып, маңызды мәселе жайлы сөз етті. "Оқушылардың мектепте смартфон қолдануына заңмен тыйым салу қажет пе?" деген сауал төңірегінде ой бөлісті, деп хабарлайды Аlash.kz.

Депутат өз Instagram парақшасына осындай жазба жазды.

"НЗМ басшылығы мектептерде смартфон қолдануға шектеу қою туралы батыл да орынды шешім қабылдады.

Бұл – жеңіл шешім емес. Бірақ бүгінде еліміздің көптеген мектебі осындай ережелерді енгізіп, сол бағытқа бет бұрып жатыр. Мұндай бастаманы бірден түсініп, қолдай қою барлық ата-ана мен оқушы үшін оңай емес. Бірақ уақыт өте келе қоғамда бұл шешімнің мәні мен маңызын терең ұғынатын түсіністік қалыптасады.


Әлемдік тәжірибе бұл үрдістің дұрыс екенін көрсетіп отыр. Көптеген дамыған елдің жетекші мектептерінде смартфонға тыйым әлдеқашан енгізілген және ол нақты нәтижесін беріп келеді. Тіпті кейбір Еуропа мемлекеттері бұл шектеуді заңмен бекіткен.

ЮНЕСКО деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың соңына қарай әлемдегі білім беру жүйелерінің 40 пайызы мектептерде смартфон қолдануға ресми түрде шектеу енгізген.

Бұл– технологиямен күрес емес, ол баланың ойын бөлмейтін, зейінін шашыратпайтын, шынайы білім мен қарым-қатынасқа жол ашатын орта қалыптастыруға бағытталған қадам.

Ал сіз не дейсіз? Осындай шешімді Қазақстан мектептері үшін қолайлы деп есептейсіз бе?", - деп жазды Аймағамбетов.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар