Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мектеп қазақша болмай, мемлекет қазақша болмайды!”: Сүйінші! Керекудегі мектеп қазақ тілінде оқытатын болды

20:44, 01 қыркүйек 2025 419

Павлодар қаласында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында жаңадан салынған №48 мектеп қазақ тілінде оқытатын болды. Қуанышты жаңалықты Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Тағы бір қуанышты хабар Керекуден келіп жетті! 

Павлодардағы Достық ықшамауданындағы жайлы мектептің қазақша болуын талап еткен ата-аналар хаты бойынша Үкіметке, Оқу ағарту министрі Ғани Бейсенбаевқа депутаттық хат жолдап, оң жауабын алған едік кезінде! Енді міне, Білім мерекесі күні Павлодардағы жайлы мектеп қазақ тілді болып, оқушыларға айқара есік ашты! Жаңа мектепті Оқу министрінің өзі барып ашыпты! Құтты болсын!

Алаш арыстары Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек еліндегі жаңа жайлы  мектебінің оқушылары мен ұстаздарына  ақ жол тілейміз! Осы мектептің қазақ тілді болып ашылуы жолында еңбек еткен азаматтарға, сол үшін Астанаға парламентке келген белгілі тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі апайға, Ертай Қабылқақ бауырымызға және т.б. белсенділерге алғысымыз зор! 

Мектеп қазақша болмай, Мемлекет қазақша болмайды! Алла жар болсын! Ақ жол!”,- деп жазды депутат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар