Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Механикалық көтергішпен төмен түскен” - 7 минутта Луврды тонағандардың видеосы тарады

14:07, 24 қазан 2025 233

Франциядағы әйгілі Лувр мұражайын небәрі жеті минутта тонап кеткен қарақшылардың қашқан сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп жазады Alash.kz.

Кадрларда екі адамның екінші қабаттан механикалық көтергіш арқылы төмен түсіп бара жатқаны анық көрінеді. Бірнеше секундтан кейін полицияның сиренасы қосылғанымен, ұрылар скутерге мініп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін төрт адам Наполеон мен императрица Евгенияның коллекциясына кіретін XIX ғасырдағы патшалық әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен болатын. Тонаушылар әлі күнге дейін ұсталған жоқ, ал ұрланған құндылықтардың тағдыры беймәлім.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар