Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Медицина қызметкерлері «Аңсар медициналық компаниясы» ЖШС-ның үстінен шағымданып, бұрынғы басшылықтың заңсыз әрекетін мәлімдеді

22:01, 26 қыркүйек 2024 157

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорына «Аңсар медициналық компаниясы» ЖШС бұрынғы қызметкерлері хабарласты. Олар қордан еңбек құқықтарын қорғауды сұрайды. Дәрігер, мейірбике, санитар, барлығы 17 қызметкер бұрынғы жұмыс беруші Данияр Құдабеков «еңбекақымызды жеп қойды» деп шағымданды. Оның кейбір қызметкерлер алдындағы қарызы 1 миллионға жетіп қалған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы

«Одан бөлек, 2023 жылдың мамыр айынан бері жұмыс беруші біздің зейнетақы төлемдерімізді аудармаған. Адал ақымызды күтіп сабырымыз сарқылды, сол үшін Қордың көмегіне жүгініп отырмыз», -  дейді медбике Салия Жүсіпова.

          Санитар Қалдыгүл Жұмадуллаева да еңбекақысын айлап көрмеген. Сома қомақты – кейбірінің ала алмай жүрген ақшасы 1 миллионға жуық.

«Мұндай жағдайда заң қызметкерлер жағында, сондықтан олар бұл істе жеңеді. Әрбір жұмыскерге осындай жағдайда шыдап отырмай, мәселені бірден заң бойынша шешуге тырысуға кеңес беремін» дейді, «Әділдік және өркендеу» қорының заңгері Дархан Құлжамбеков.

Еңбек құқығы тапталған қызметкерлер «Аңсар медициналық компаниясы» ЖШС үстінен арыз жазды. Бұл істе «Әділдік және өркендеу» қоры оларға тегін заңгерлік қолдау көрсететін болады.

https://adildik.org.kz/tpost/bmkgpxspy1-astanada-meditsina-izmetkerler-brini-bas 

Анықтама: «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек адамының құқығын қорғап, заңгер кеңесін тегін көрсетеді. Қордың Қазақстанның барлық аймағында өкілдігі бар, жеті облыста қоғамдық қабылдауы жұмыс істеп тұр.  

Қосымша ақпарат үшін:

Гүлжан Мархабаева, баспасөз хатшысы

+7 701 986 9966

adildik.org.kz@gmail.com

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?