Қара маска таққан беймәлім жігіт халқын тағы қуантты. Ол биыл көктемде су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасыға баспана сыйлап, ел ықыласына бөленді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Halyq Uni порталына сілтеп.
Видео Instagram желісіндегі chelovekvmaskee парақшасында жарияланды.
Кешіріңіз, апа, Сіздер судан зардап шектіңіздер ғой? Рұқсат болса, Алланың қалауымен сіздер үйлі болдыңыздар, - дейді видеода аты-жөні беймәлім жігіт.
Сондай-ақ ол баспананың қай өңір тұрғындарына берілгені туралы жазды.
Су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасы баспаналы болды. Біз сіздермен бірлесіп, 1 млн долларды су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның әр өңіріне үлестірдік.
Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы», - делінген жазбада.