Түнгі клубтың жанынан мас күйінде ұсталған имамның бұрын арақ туралы айтылған уағызы желіде тарап кетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бақытбек имам өзінің бұл уағызында арақтың адам денсаулығына зиянын баяндайды.
"Арақ ішпе дейді. Арақ ішкен адамның денсаулығы мықты болмайды ғой. Алла тағаланың тыйымдарының астарына үңілетін болсаңыз, адамның денсаулығына үлкен зиян келетін дүниелерді тізімге қосқан", деді имам.
ҚМДБ бас имамға қатысты шешім қабылдап, Бақытбек Тәжімбетті жұмыстан босатқан еді.
"Құқықтық нормалар мен дін қызметкерлерінің этикасын өрескел бұзған адамдардың діни салада жұмыс істеуге моральдық құқығы жоқ. ҚМДБ Бақытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты", - деп хабарлады ҚМДБ.