Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мас күйінде қайта рөлге отырған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды

20:11, 16 қазан 2026

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылған ер адам қайтадан мас күйінде рөлге отырған, деп жазады Alash.kz.

Ол Nissan Patrol көлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, «Қостанай – Қарабұтақ» автожолымен Валерьяновка ауылы маңында Лисаковск қаласы бағытында жүрген.

Сот ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу арқылы 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыружазасы тағайындалды. Сонымен қатар ол көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар