Бейбіт Қорған мас күйде ұсталып, сот алдында жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Іс Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында бүгін, 29 қыркүйекте қаралған. Істі судья Алмагүл Ерғазиева қараған.
Іс материалдарына сәйкес, Бейбіт Қорған Алматыдан ұшып, мас күйде былапыт сөздер айтқан. Одан бөлек, әуе компаниясының ережелеріне бағынбаған. Артынша әншіні полицейлерге тапсырып, ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органы қызметкерінің талабына бағынбау бабы бойынша іс қозғалған.
Бүгін Бейбіт Қорған сот алдында жауап беріп, екі бап бойынша кінәлі деп танылды. Сот әншіге 196 мың теңге көлемінде айыппұл салды.