Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Марқұм Болат Назарбаев Бурабайдағы жерлерді қалай алған?

16:00, 13 қараша 2025 176

Журналист Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтан Болат Назарбаев, оның балалары немесе басқа біреулер Бурабайдағы жерді қаншалық “таныстық арқылы” алғанын сұрады, деп жазады Alash.KZ.

Әкім сұраққа тіке жауап берді:

“Оны құқық қорғау органдары анықтауы керек. … Міндетті түрде жоғары лауазымды адам болуы шарт емес, ол - жемқорлық та болуы мүмкін, пара да болуы мүмкін, сатып алу да болуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені зерттеу қажет”.

Айта кетейік, заңгер Сапарғали Құсайыновтың айтуынша, осындай жағдайға шамамен 1800 жер иесі тап болуы мүмкін. Оның бірнеше ондағаны – кәсіпкерлер, қалғандары – қарапайым тұрғындар.

"Біз соттасамыз, талап-арыз береміз. Біз мұнда тұрамыз, бұл – біздің тұрақты мекеніміз, жеріміз рәсімделген", – деді ауыл тұрғыны Валерий Тищенко.

Ресми түсініктеме

Жер ресурстарын реттеу департаментінде істер Ақмола облысы прокуратурасының нұсқауымен қозғалғанын айтты. Олардың дерегінше, учаскелер ерекше қорғалатын аумақтар туралы заңды бұза отырып берілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар