Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мақатаевты «сорлы еркек» деген блогерге қатысты сот басталды (Видео)

16:45, 02 мамыр 2025 858

Әлішер Теменовтің үстінен ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев шағым түсірген. Ол «Қорлау» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауды сұраған, деп жазады Alash.KZ.

«Мен күйзеліске түстім, біздің атымызға нұқсан келтірді. Осы күнге дейін алдыма келіп, кешірім сұрамады», - дейді Жұлдыз Мақатаев.

Әлішер Теменов сот залында журналистердің өзін түсіруіне қарсылық білдірді. 

Блогердің ресми өкілі судьяға «соттаспай-ақ татуласуға келіп едік» деді.

 
Еске сала кетейік, былтыр 8 қазанда блогер Әлішер Теменов ақынға тіл тигізіп, сынға қалған еді. Артынан халықтан кешірім сұраған болатын. 

Тілшіміз сот процесіне қатысып, Жұлдыз Мақатаевтың пікірін де білді (видеода).

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар