Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Маңызды түзету! Зейнетақы… Ережені өзгерттік”: Асхат Аймағамбетов ел асыға күткен қуанышты жаңалығын бөлісті

15:00, 08 маусым 2026

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Халық қалаулысы зейнетақы аннуитеті жүйесіне маңызды өзгеріс енгізілгенін айтты.

“Кеше қабылданған заңның ішінде біз ұсынған маңызды түзету бар. Ол ресми түрде күшіне енеді.

Бұрын зейнетақы аннуитетін алып жүрген адам қайтыс болса, оның жинаған ақшасы артында қалған отбасына толық берілмейтін. Мұрагерлері ол ақшаны тек ай сайын, тиын-тебендеп, жылдарға созылып қана ала алатын. Қалған бүкіл ақшасын, бірден алу заң жүзінде мүмкін емес еді.

Енді біз бұл ережені өзгерттік. Отбасыларға таңдау бердік. Егер зейнетақы аннуитеті бойынша шотта ақша қалса, мұрагерлер оны бұрынғыдай ай сайын бөліп алуды жалғастыра береді немесе қалған барлық соманы бір-ақ күнде, бірден толық алып кете алады. Бұрынғыдай тек бір ғана қатал шектеу жоқ, таңдау - отбасының өз қолында.

Біз зейнетақы аннуитеті жүйесін адамдарға ыңғайлы әрі икемді еттік”,- деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар