Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жүйесіздіктің бәріне нүкте қойылады”: Аймағамбетов ел асыға күткен жаңалықты айтты

09:00, 02 қараша 2025 669

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов археология саласындағы қордаланған мәселелерге тоқталып, осы бағытта әзірленген жаңа заң жобасы жайлы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Қазір археология са­ла­сын­да біркелкі тәртіп жоқ деуге бо­лады. Қай аймақта, қай жерде қан­дай қазба жүргізілді – толық біл­мейміз. Кім қазды, не тауып ал­ды, сол жұмыс ғылыми стан­дарт­тарға сай ма – бізде толы­ғы­мен ақпарат жоқ. Мысалы, ес­керт­кіштердің өзі 42 түрлі тізімде ша­шылып жатыр. Бір жерде бар, бір жерде жоқ, нақты барлығын қам­титын база жоқ. Ал қазба жұ­мысы туралы есеп деген мүлде тапсырылмайды десек те болады. Қаз­ба жүргізіледі, бірақ оның нә­тижесі қағазда да, цифрлық жүйеде де жоқ. Жеке-дара табыл­ған жәдігерлер бар, бірақ тұтас ма­териалдар сақталмайды, жо­ға­лады, бақылаусыз кетеді. Нә­ти­­жесінде, бір ескерткішті бірнеше рет зерттеп, уақыт пен қаржы бос­қа кете береді, ал кейбір тари­хи орындар мүлде назарсыз қа­лып, жоғалып жатыр. Бұл – біз­дің мәдени мұрамызға жасал­ған үлкен қауіп. Енді осы жүйе­сіз­дік­тің бәріне нүкте қойылмақ. Ар­хео­логияға толық цифрлық ба­қы­лау енгіземіз. Енді кім қай жер­де қазба жүргізіп жатыр, қан­дай әдіспен, не тапты – бәрі бір жүйеде тіркеледі. Қазба жұ­мыс­тарының есептері, ескерт­кіш­тердің паспорттары, архео­лог­тар туралы ақпарат – барлығы ор­тақ цифрлық платформада бо­лады. Бұл жүйе салаға тәртіп әке­леді, ашықтық орнатады. Бұ­дан былай археологиялық мұ­ра­мыз кездей­соқ адамның қо­лын­да емес, мем­лекеттің ба­қы­­­лауында бола­ды. Бұл – тарихты сақтау жолын­да­ғы маңызды қадам, - деді Асхат Аймағамбетов “Айқын” газетіне берген сұхбатында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар