Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Маңызды норма қабылданды! “Қазақ тілі” пәнін оқытуға міндеттеледі”: Депутат қуанышты жаңалығын бөлісті

12:12, 05 мамыр 2026

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Халық қалаулысының айтуынша, шетелдік ЖОО-ы “Қазақстан тарихы” мен “Қазақ тілі” пәндерін оқытуға міндеттеледі.

“Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бастамасымен аса маңызды норма қабылданды. 

Енді шетелдік ЖОО-ы “Қазақстан тарихы” мен “Қазақ тілі” пәндерін оқытуға міндеттеледі. Бұл талап заң дейгейіне көтерілді. 

“Педагог мәртебесі туралы” заң жобасында “Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары “Қазақстан тарихы” және “Қазақ тілі” пәндерін міндетті түрде оқыта отырып, тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен емес білім беру сапасын қамтамассыз етеді” деген норма бекітілді. 

 Қазақстан Республикасының аумағында ашылған шетелдік ЖОО-ң филиалдары мен шетелдік ЖОО-на осы маңызды міндетті енгізген заң жобасы жуырда екінші оқылымға шығады”- деп жазды депутат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар