Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңызды! Астана LRT демалыс күндері жолаушы тасымалдауды бастайды

19:50, 12 мамыр 2026

Елордадағы «Астана LRT» жобасының іске қосылуына орай City Transportation Systems (CTS) компаниясы жолаушылар үшін төлем жүйесінің қалай жұмыс істейтінін таныстырды, деп жазады Alash.kz. 

Мұндағы төлем әдістері қалалық автобустардағыдай әртүрлі болады. Қағаз билеттерден бастап, банк карталары мен QR-кодтарға дейін қарастырылған. Сондай-ақ жолаушылардың ыңғайлылығы үшін арнайы терминалдар мен кассалар қызмет көрсетеді.

Станцияларда өткен баспасөз туры барысында мамандар төлем технологиясын егжей-тегжейлі көрсетті. Мәселен, жүйеде үйреншікті жетондар қолданылмайды, олардың орнына арнайы коды бар билеттер енгізілген. Сонымен қатар көп реттік көлік карталарын пайдалану мүмкіндігі де сақталады. Бір жол жүру құны 200 теңге болып бекітілді.

CTS өкілдері төлем жасау механизмі туралы былай деді:

«QR-код билет болып саналады, оны турникетке жақындату керек. Оны арнайы автоматтан немесе станция кассасынан сатып алуға болады. Сондай-ақ төлемді кез келген банктің картасымен немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшаларындағы QR-код арқылы жасауға мүмкіндік бар».

Айта кетейік, LRT бойынша тұрақты жолаушылар тасымалы осы демалыс күндері, яғни 16-17 мамырда ресми түрде басталады. Жолаушылар турникеттен өткеннен кейін платформаға көтеріліп, қатынау бағыттарын пайдалана алады. Бұдан бөлек, болашақта желіні ескі вокзалға дейін ұзарту жоспарланған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар