Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңғыстауда қырылған итбалықтардың саны 700-ге жетті

10:09, 10 қараша 2024 458

Маңғыстауда тағы 137 өлі итбалық табылды. Қырылған итбалықтардың саны 700-ге таяды.

Кеше Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылынан Сығынды мүйісіне ("43-ші км" деп аталатын жер) дейінгі аралықта 137 өлі итбалық табылған. Облыста қырылған итбалықтардың саны бүгінде 700-ге жақындады.

Маңғыстау облысы бойынша балық қорғау инспекциясы басшысы міндетін атқарушы Андрей Руцкий бұл ақпаратты растап, мониторинг кезінде тұрғындар анықтағанын хабарлады.

Біз инспекторлар тобымен және комиссиямен бірге хабарлаған жерге барып, өзіміз де көрдік. Теңіз жағасына шығып қалған 137 итбалық тауып, акт толтырдық. Бұл қатты жел болған күндері - кейінгі екі күн бұрын шыққан өлекселер. Итбалық денелері қатты іріп кеткен. Тек бір итбалықта ғана балықшы ау құралдарының іздері байқалды. Мойнында жарақат белгілері бар. Қалғандарын сырттай қарау мүмкін емес, сынама алу да мүмкін емес, өйткені денелері қатты ыдырап кеткен, - дейді Руцкий.

Оның сөзінше, бүгінге дейін 533 итбалық жиналып, өртелген. Ал бүгін табылған 137 итбалықты қосқанда, барлығы 670 өлексе табылып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар