Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңғыстауда жол апатынан ауыр жарақат алған шетелдіктердің жағдайы белгілі болды

12:06, 19 қазан 2026

Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғасына ұшыраған екі шетелдік азамат Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Аурухана директорының міндетін атқарушы Азат Есенғұловтың хабарлауынша, екі ер адам медициналық мекемеге бір күн бұрын түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып, шұңқырға аударылып кеткен. Бұл ЖКО ресми түрде тіркелген жоқ.

Оқиға салдарынан зардап шеккендердің бірінен жұлынға зақым келмегенімен, бел омыртқасының бірнеше жерден сынғаны анықталды. Дәрігерлер барлық қажетті тексерулерді дер кезінде жүргізіп, тиісті ем-дом көрсетті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Алғашқы медициналық көмек толық көрсетілгеннен кейін аурухана қызметкерлері шетелдік екі азаматтың Ақтау қаласындағы әуежайға аман-есен жетуіне қолғабыс етті. Содан соң олар арнайы чартерлік рейспен өз елдеріне ұшып кетті.

Дәрігерлер науқастардың азаматтығына қарамастан, ең алдымен адам өмірі мен денсаулығына басымдық берілгенін атап өтті. Өз кезегінде шетелдік азаматтар мен олардың туыстары жаңаөзендік дәрігерлерге көрсеткен жедел көмегі мен мұқият күтімі үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар